Астанада Ә. Ысмайыловтың 100 жылдығына «Әлем көшпенді бояуында» атты көрме ашылады

Фотография - Астанада Ә. Ысмайыловтың 100 жылдығына «Әлем көшпенді бояуында» атты көрме ашылады

 Ертең Астанада Тәуелсiздiк сарайында Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Әлем көшпенді бояуында» атты көрме ашылмақ

233 0

 Ертең Астанада Тәуелсiздiк сарайында Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Әлем көшпенді бояуында» атты көрме ашылмақ. Бұл туралы бүгiн суретшiнiң 100 жылдығына арналған шаралардың басталуына арналған баспасөз мәслихатында Тәуелсiздiк сарайы галереясының басшысы, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы Тiлеукеш Жаубасова мәлiм еттi.

"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қолдауымен бiз Тәуелсiздiк сарайында қазақстың танымал суретшiсi, күйшi, бишi, актер, халық фольклорының жинаушысы Әубәкiр Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына орай бiрқатар мәдени шараларды қолға алмақпыз. Көрмеде көрермен назарына қылқалам шеберінің 1930-1990 жылдары дүниеге әкелген 100-ге жуық кескіндемелік және графикалық туындылары ұсынылады", - дедi ол.

Ә. Ысмайылов көпқырлы адам болды. Ол бiзге тек суретшi ретiнде ғана емес, сонымен бiрге халық биiнiң маманы болды. Өз кезiнде ол Алматының "Сазген" ансамблiнiң қойылымдарын жасаған. Сондай-ақ ол - домбырашы болған кiсi. Ол қазақтың ұлттық мәдени және рухани құндылықтарын сақтауға үлкен еңбек сiңiрдi", - деп атап өттi Т. Жаубасова.

Әубәкiр Ысмайылов - ҚР мәдениет қайраткері, әр жылдары Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Халық суретшісі атағын иеленген. Оның бай мұрасы бүгінгі таңда қазақ бейнелеу өнерінің алтын қорынан лайықты орнын алып отыр. Хас шебердің кескіндемелік және графикалық туындылары өзінің орындалу шеберлігімен, тақырыбы мен сюжетінің шексіз алуандығымен, бояуының байлығымен және образдарының философиялық көтеріңкілігімен таңғалдырады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

"Ертең, Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi үш тiлде (қазақ, орыс, ағылшын) «Әлем көшпенді бояуында» атты сурет-альбомын жариялайтын болады. Сонымен қатар министрлiк суретшiнiң туған-туыстарының естелiктерi негiзiнде деректi фильм түсiрудi қолға алуда. Оған ресейлiк мамандар да тартылатын болады. Аталмыш фильмдi бiз биылғы жылдың соңында көрiп қалуымыз ықтимал. 30 минуттық картинада Ә.Ысмайыловтың тағдыры және оның шығармашылық жолы әрiптестерiнiң, мәдениет саласындағы сарапшылардың көзқарасымен берiлетiн болады", - дейдi ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi Ақпарат және мұрағат комитетiнiң төрағасы Болат Кальянбеков.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!