«Қасиетті қазақ жерінің» алғашқы томы басылып шықты

Фотография - «Қасиетті қазақ жерінің» алғашқы томы басылып шықты

ҚР Мәдениет қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ радиосының ардагері, велосаяхатшы Темірхан Момбекұлы Түркістанның «Қасиетті қазақ жері» атты еңбегінің алғашқы томы басылып шықты

209 0

ҚР Мәдениет қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ радиосының ардагері, велосаяхатшы Темірхан Момбекұлы Түркістанның «Қасиетті қазақ жері» атты еңбегінің алғашқы томы басылып шықты.

2005 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерін велосипедпен саяхаттауды бастаған жазушының 10 жылға жуық уақытта жазған еңбектері бүгінге дейін «Қуанышы көп күндер», «Күміс велосипед», «Тағдыр», «Қасиетіңнен айналайын», «Жаратқан жар болғайсың», «Қайран Атамекен», «Асанқайғының рухы» және басқа да атаулармен жеке-жеке кітап болып басылып шықты.

Ал бүгін тұсауы кесілген «Қасиетті қазақ жерінің» алғашқы томында жазушының Алматы, Жамбыл, ОҚО және Қызылорда облыстарына жасаған саяхатында жазған еңбектері жинақталған - деп  хабарлады  baq.kz

«Қасиетті қазақ жерінің әр тауын, әр тасын араласам, өзен-көлі мен табиғатын өз көзіммен көріп, топырағына аунасам, тағылымы мол тарихына қанып, жинаған азды-көпті дүниелерді халықпен бөліссем – өз отаныма ұлтын сүйетін азамат ретінде аз да болса қосқан үлесім деп білемін. Құдайым ғұмыр беріп, денсаулығымнан айырмаса еліміздің әлі де көрмеген жерлеріне аяқ бассам деген ниетім бар», - дейді жазушы өз ойымен бөлісе келе.

Темірхан Момбекұлы қазақтың қара шаңырағы Қазақ радиосында жарты ғасырға жуық уақыт қызмет етіп келеді. Қазіргі кезде жазған еңбектерінің аудио нұсқасы Шалқар арнасының эфирінен таралады. Жазушының еңбегінен кішігірім үзіндіні төмендегі аудио файлда назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!