Қазақ киносының кезекті жеңісі

Фотография - Қазақ киносының кезекті жеңісі

Қытайлық режиссерлер Цзя Джанке мен Павел Чухрай «Үндестік сабақтарын» жоғары бағалап, ең үздік режиссерлік жұмысы үшін марапаттады

247 0

Қытайлық режиссерлер Цзя Джанке мен Павел Чухрай «Үндестік сабақтарын» жоғары бағалап, ең үздік режиссерлік жұмысы үшін марапаттады. 

   Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» 23 пен 30 тамыз аралығында Онтүстік-Сахалинде өткен Халықаралық ІІІ Сахалин кинофестивалінде «Ең үздік режиссерлік жұмыс" үшін мараптталып,  250 мың рубль ақшалай сыйлық алды.

   Жүлдені кинофестивальдің жабылу салтанатында «Алтын арыстан» (2006) және Канн фестивалінің ең үздік сценариі үшін жүлделі болған (2013) Цзя Джанкэ ұсынды - деп хабарлады  baq.kz

   Конкурстық бағдарламада «Үндестік сабақтарынан» өзге халықаралық метрлердің Брильянте Мендосаның «Хэвон ешкімнің қызы емес» және «Сенің құрсағың», ресейлік фильмдерден Борис Хлебниковтың «Ұзақ бақытты өмір» мен Александр Велединскидің «Географшы глобусты ішіп қойды» атты фильмдері қатысты. Ал фестивальдің бас жүлдесін жапондық Рёта Наканоның «Әкемді таңқалдыру» атты фильмі жеңіп алды.

   Халықаралық сарапшылар Цзя Джанкэмен қатар әділ-қазылар басшысы ретінде Павел Чухрай және Дзиро Синдо, Евгений Гришковец мен Виктория Толстоганова болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!