"Бауырдың" әлемдік көрсетілімі өтті

Фотография - "Бауырдың" әлемдік көрсетілімі өтті

Халықаралық Венеция кинофестивалінде «Бауыр» фильмінің әлемдік көрсетілімі өтті, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызмет

214 0

Халықаралық Венеция кинофестивалінде «Бауыр» фильмінің әлемдік көрсетілімі өтті, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

   Кеше, яғни 5 қыркүйек күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмнің» өнімі, режиссер Серік Апрымовтың «Бауыр» туындысы 70-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің кино Сарайының Үлкен залында «Көкжиектер» конкурстық бағдарламасының аясында көрсетілген. Фильмнің қорытынды көрсетілімі бүгін PalaBiennale залында көрсетіледі.

   Фестивальдің ресми сайтында режиссер Серік Апрымов: «Фильмнің басты кейіпкері тоғыз жасар бала. Мен оның бейнесін шынайы махаббат пен жақсылыққа толтыруды көздедім. Сонымен қатар фильмдегі кейіпкерлермен көрерменге де, маған да жақын болатын асқақ армандары, шынайы проблемалары бар адамдарды көрсеткім келді», - деген.

   Халықаралық Венеция кинофестивалі әлемнің ең ежелгі әрі ықпалды кино байқауы болып табалады. Ол Берлин және Канн фестивальдерімен қатар «А» сыныбындағы ең абыройлы кинофестивальдердің үштігіне кіреді.

   Биыл «Көкжиектер» бағдарламасына 17 фильм ұсынылған. Бас жүлдені алу үшін Серік Апрымовпен қатар француз режиссері Робина Кампилло, швед режиссері Лукас Мудиссон, жапон режиссері Сион Соно, италья режиссері Уберто Пазолини сынды тағыда басқа режиссерлер сайысқа түседі.

   «Көкжиектер» бағдарламасының әділ-қазылар алқасын «Жаңа Голливуд» буынының ең әйгілі режиссер әрі сценаристі Пол Шредер төрелік етуде.

   70-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің мерейтойлық жүлделерінің жеңімпаздарының есімі 7 қыркүйек күні жарияланады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!