Қазақ эстрада Одағы төл өнерді төрге сүйремек

Фотография - Қазақ эстрада Одағы төл өнерді төрге сүйремек

Журналистермен жүздесу барысында Бауыржан Ибрагимов жаңа құрылған Одақтың мақсатымен таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті

323 0

Астанада Қазақ эстрада Одағының тұңғыш құрылтайы өтті. Алқалы жиыннан соң аталған Одақтың төрағасы Бауыржан Ибрагимов бастаған өнер өкілдері баспасөз-мәслихатын өткізді.

Журналистермен жүздесу барысында Бауыржан Ибрагимов жаңа құрылған Одақтың мақсатымен таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

«Өздеріңіз білесіздер, елімізде Жазушылар, Суретшілер, Журналистердің Одағы жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда қазақ эстрадасында қордаланған мәселелер шаш етектен. Одақты құру - уақыт талабынан туындады. Күні кеше Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаның қабылдауында болдым. Мұхтар Абрарұлы алдағы уақытта Қазақстандағы Одақтарға мемлекет тарапынан қаржы бөлінетінін жеткізді »,-деді Бауыржан Сабзалұлы.

Сонымен қатар, Қазақ эстрада Одағының төрағасы сатира саласындағы кейбір мәселелерді тілге тиек етті. Ол өз сөзінде: «Сатира - күрделі де жауапты өнер. Сондықтан әзіл-сықақ театрлары халыққа ұсынатын қойылымдарын електен өткізіп, сүбелісін ғана жұрттың назарына ұсынулары тиіс. Қазір бір анекдот айтып, 4 жігіттен құрылған театрлар қаптап кетті. Біздің басты міндетіміз - қазақ өнерін жоғары деңгейге көтеру»,-деді ол.

Сондай-ақ, Бауыржан Ибрагимов Қазақ эстрада Одағының құрамына әншілердің де көптеп мүше болып жатқанын алға тартып, сахнада фоногрммамен ән шырқайтын орындаушыларға тосқауыл қойылатын атап өтті.

Ал Асқар Наймантаев қазақ эстрадасындағы өнерпаздардың арасында ара-тұра араздықтың болып тұратынына тоқталып, осындай келеңсіз жайттарды жою және алдын алу мәселесі Одақтың негізгі айналысар шаруасы болатынын шегелеп айтты.

Баспасөз-мәслихатының жұмысына Қазақ эстрада Одағының хатшысы Қ. Шамахайұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаев, «Шаншар» әзіл-оспақ театрының директоры У. Әбдірайымов, «Мафия мен тақия» театрының директоры С. Әбдірхалықов, Ұ.Нүсіпәлі қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!