Есімов пен Қасымов Алматыда ән шырқады(Фото)

Фотография - Есімов пен Қасымов Алматыда ән шырқады(Фото)

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен экс-сенатор Ғани Қасымов «Алматым – алғашқы махаббатым!» ретро-фестивалінде ән шырқады

271 0

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен экс-сенатор Ғани Қасымов «Алматым – алғашқы махаббатым!» ретро-фестивалінде ән шырқады, деп жазды Baq.kz.

Есімов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, артынша синтезаторда «Time to say goodbye» композияциясын орындады.

Ал Ғани Қасымов Жеңіс Сейдоллаұлы, Толқын Зәбирова және Жанна Орынбасаровамен бірлесіп, АВВА тобының «Money, Money, Money» әнін орындады.

«Алматым – алғашқы махаббатым!» музыкалық фестивалі биыл шаңғы трамплині аумағында өтті. Сенбі күні кешке мұнда әйгілі қазақ әншілері, сондай-ақ қонаққа шақырылған өнер көрсетті Sandra, Натали, Army of Lovers, E-type топтары және Түрік Хоры ән шырқады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!