Батысқазақстандық қазақ драма театры «Гамлетті» қоймақшы

Фотография - Батысқазақстандық қазақ драма театры «Гамлетті» қоймақшы

Биылғы 16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының құрылғанына 20 жыл толмақшы. Осыған орай театрдың бас режиссері Мұқанғали Томанов Шекспирдің «Гамлетін» қолға алып отыр

386 0

Биылғы 16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының құрылғанына 20 жыл толмақшы. Осыған орай театрдың бас режиссері Мұқанғали Томанов Шекспирдің «Гамлетін» қолға алып отыр.

Театр директоры Құжырғали Төлеуішевтің айтуынша, М. Томанов пен тағы бір режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сердеш Қажымұратов басқа да қойылымдарды әзірлемек. Сонымен қатар Орынбор мен Қазаннан белгілі орыс режиссерлерін шақыру жоспарда бар. Балалар үшін де жаңа туындылар қойылатын болады.

Батысқазақстандық театр осыдан жиырма жыл бұрын «Қарагөз» трагедиясымен ашылған болатын. Содан бері театр бірнеше республикалық фестивальде үздік шықты. 2005 жылы Каир қаласында өткен халықаралық фестивальге де Қазақстан атынан қатысып қайтты.

Негізі Оралда қазақ театры 1934 жылы ашылған, онда қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин, атақты ақын Қасым Аманжолов еңбек етті. 1948 жылы Оралдың қазақ музыкалық драма театры жабылып, әртістері қазіргі Атырауға ауыстырылды. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Оралға театр қайта оралды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!