Түнтеков 30 мың доллар "айыппұл" төлейтін болды

Фотография - Түнтеков 30 мың доллар "айыппұл" төлейтін болды

 Бұл жайында Tengrinews.kz сайтына жапа шеккен әйелдің өкілі Зүбайда Асқарова мәлімдеді.

159 0

Әкімшілік соттың шешімі бойынша әнші Қайрат Түнтеков жол апаты салдарынан зардап шеккен көлік иесіне келтірілген шығыны үшін 30 мың АҚШ доллар төлейтін болды. Бұл жайында Tengrinews.kz сайтына жапа шеккен әйелдің өкілі Зүбайда Асқарова мәлімдеді.

"Соттың шешімі бойынша зардап шегушінің талабы жартылай орындалып, Түнтеков келтірілген шығынs үшін 4 миллион 180 мың теңге, моральды шығын үшін 100 мың теңге, өкілдік шығыны үшін 150 мың теңге және 43 мың теңге баж салығын төлеуі тиіс. Сонда шамамен барлығы 30 мың доллар болады. Ал, біз арызда 60 мың доллар деп көрсеткен едік. Қолхат бойынша Қайрат 60 мың доллар беріп, аударылған көлікті өзі алып кетуі тиіс болатын" дейді Асқарова.

Сот үкімінен кейін осы қолхатқа сүйенген жәбірленуші тарап, апелляциялық комиссияға қайта арыз түсірді.

Ал, Түнтековтың өзі болса аталған қолхатты заңсыз деп табу үшін сотқа кері арыз жазды. Дегенмен, сотта бұл шағым қанағаттандырылмады.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың желтоқсан айында әнші Қайрат Түнтеков өзінің Toyota Camry 40 көлігімен Toyota Land Cruiser 100 көлігін соғып, жол жиегіне шығарып жіберген болатын. Мұнан кейін Түнтеков қырық күн қамауға алынған.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!