Кенесарының бас сүйегін Ресейден алып келу жөніндегі ұсыныс қолдау тапты

Фотография - Кенесарының бас сүйегін Ресейден алып келу жөніндегі ұсыныс қолдау тапты

2013 жылдың маусым айының 21-інде «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметовтің атына Үкімет тарапынан қаржы қарастырып, қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегін Ресейден алып келу жөніндегі тарихшылар мен жазушылар арасынан жұмыс тобын құру туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. Осыған орай Үкімет басшысының жауабы келді

317 0

2013 жылдың маусым айының 21-інде «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметовтің атына Үкімет тарапынан қаржы қарастырып, қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегін Ресейден алып келу жөніндегі тарихшылар мен жазушылар арасынан жұмыс тобын құру туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. Осыған орай Үкімет басшысының жауабы келді.

Онда: «Аталған мәселе елімізде жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының және бұдан тыс ғылыми зерттеулер шеңберінде өзекті жоба ретінде зерделенгені белгілі. Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым министрліктері, Астана қаласының әкімдігі жүзеге асырған экспедициялар, ресми сұрау жолдау сияқты шаралардың нәтижесінде Кенесары ханның бас сүйегінің Ресейдің тиісті мекемелерінің экспонаттары қатарында тіркелмегені туралы мәліметтер алынды»,- деп бұрыннан белгілі жәйттерді айта келе, Премьер-Министр,- «Мәселені қосымша пысықтау мақсатында Кенесарының бас сүйегін алып келуді мақсат тұтқан жұмыс тобын құрудан бұрын, алдыңғы кезекте бас сүйектің орналасқан орнын анықтау бойынша ғылыми зерделеу жұмыстарын жаңғырту жөн» екендігін жеткізген - деп хабарлады ҚазАқпарат

Сонымен қатар Үкімет басшысы Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктеріне Ұлттық тарихты зерделеу шараларының шеңберінде ұсынысқа қолдау көрсету туралы тапсырма берілгенін хабарлаған.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!