Батыс мультфильмдері – бала тәрбиесінің басты жауы

Фотография - Батыс мультфильмдері – бала тәрбиесінің басты жауы

Бүгінгі заманның бүлдіршіндеріне етене таныс батыс мультфильмдерінің пайдасынан зияны зор екендігі былайғы жұрттың барлығына мәлім десек те болады

200 0

Бүгінгі заманның бүлдіршіндеріне етене таныс батыс мультфильмдерінің пайдасынан зияны зор екендігі былайғы жұрттың барлығына мәлім десек те болады. Ақылға сыймайтын, көңілге қонбайтын құбыжық кейіпкерлер мен ойдан шығарылған бейнелер оң-солын танымаған жеткіншектердің санасына салмақ түсіріп, жүйкесін жүндей түтері сөзсіз. Батыс елдерінің көптеген мультфильмдерінде кездесетін атыс-шабыс пен зорлық-зомбылық, қатыгездік пен қаныпезерлік баланың түн ұйқысын бұзып, түсіне кіріп, шошытатыны шындық. Осы жайында Түркияның ұлттық телерадио орталығының директоры Ибрагим Шахин Yeni Akıt газетіне берген сұхбатында тағы да нақтылай  түседі..

«Теледидар тамашалаған бала ондағы кез келген ақпаратты суды сіңірген құмдай тез қабылдайды. Олар жақсылық пен жамандықты, пайдалы мен пайдасыз нәрсені айыра алмайды. Сол себепті, балаңыздың не көріп отырғанын мұқият қадағалаңыз. Мультфильмдердің өзі қауіпті»,- дейді ол ойымен бөлісіп.

«Балалар бәрін сол қалпында қабылдап, көргенін шындық деп қабылдайды. Батыс мультфильмдері балғындарды тәрбиелеу мақсатында емес, ақша табу үшін жасалады»,- деді ол сөзін сабақтап.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!