«Оскар» сыйлығын алған алғашқы араб фильмі

Фотография - «Оскар» сыйлығын алған алғашқы араб фильмі

Хайф әл-Мансұрдың «Ваджда» фильмі  – араб кинорежиссерлары арасынан Оскар сыйлығына ие болған алғашқы туынды.

360 0

Хайф әл-Мансұрдың «Ваджда» фильмі  – араб кинорежиссерлары арасынан Оскар сыйлығына ие болған алғашқы туынды. Арманы велосипед сатып алу болған он жасар араб қызының қайсарлығы мен жігері көрініс тапқан бұл кино атақты сыйлықтың шет тіліндегі үздік фильм номинациясы бойынша бәйгеге ілінді. Атаулы марапатпен қатар, 39 жасар Хайф әл-Мансұрдың кино әлеміндегі атағы араб елінен шыққан алғашқы нәзікжанды режиссер ретінде де аспандай түскен еді.

Аталмыш фильмдегі басты кейіпкер рөлін Уағад Мұхаммед есімді актриса сомдаған болатын. Арманы болған велосипедке қол жеткізу үшін ол Құранды мәнерлеп оқу жарысында жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлық ұтып алады. Фильмде мақсат жолында қайсарлық танытқан қаршадай қыздың қоғамдық орындарда тыйым салынғанына қарамастан велосипед қыдырғаны туралы көрініс бар. Дәл осы картина жарыққа шыққан уақыттан сәл кейін Сауд Арабиясында аталмыш тыйымның күші жойылды.

«Біз еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрінен шыынайы хабар беретін әрі бастан-аяқ Сауд Арабиясында түсірілген алғашқы көркем фильмді мақтан тұтамыз»,– дейді Сауд Арабия мемлекетінің мәдениет пен өнер қоғамының жетекшісі Сұлтан әл-Базиз.

Осы аптада Лос-Анджелес қаласында аталмыш фильм прокатқа шығады. Америкалықтар жоғары бағалаған жұлдыз фильм Дубай қаласында өткен кинофестивалдің «Үздік араб фильмі» мен «Үздік әйел рөлі» атақтарын да қанжығасына байлады. Кино әлеміндегі керемет жетістіктерге жетелеген киносының кейбір кадрларын Хайф әл-Мансұр қала көшелерінен ұзақ уақыт бойы жасырын камера арқылы түсіріп келгендігін жасырмады.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!