Титаниктің "өліміне" куә болған скрипка бәссаудаға түседі

Фотография - Титаниктің "өліміне" куә болған скрипка бәссаудаға түседі

1912 жылы әйгілі "Титаник" апатқа ұшыраған сәтте оркестр жетекшісі Уоллес Хартли ойнаған скрипка бәссаудада сатылатын болды

322 0

1912 жылы әйгілі "Титаник" апатқа ұшыраған сәтте оркестр жетекшісі Уоллес Хартли ойнаған скрипка бәссаудада сатылатын болды. Henry Aldridge & Son аукцион үйі ұйымдастырғалы отырған осынау шара ағымдағы жылдың 19 қазанында өтпек деп хабарлайды Франс Пресс.

Сатылмас бұрын осынау тарихи бұйым Солтүстік Ирландияның «Титаник Белфаст» деп аталатын мұражайына қойылады. Мұнда ол 18 қыркүйек пен 13 қазан аралығына дейін көпшілік назарына ұсынылады. Мұнан кейін скрипка Henry Aldridge & Son аукцион үйіне қайтарылмақ.

Айта кетейік, құтқарушылар Хартлидің денесін апат болғаннан кейін араға 10 күн салып тапқан. Скрипкасы оның кеудесіне байланған күйі қалыпты. Ал, музыкалық аспаптың артыңғы жағында скрипканы Уоллеске сүйікті жары Мария Робинсонның бергендігі жазылған.

Робинсонның өзіне қайтарылған скрипка кейін діни ұйымға сыйға тартылған екен. 2006 жылға дейін бұл аспап жоғалған жәдігерлердің қатарында болып келді. Сол уақыттан бүгінгі күнге дейін сарапшылар оны зерттеп, түпнұсқа екендігіне көз жеткізіп отыр.

Әлемдегі ең алып кеме саналған "Титаник" 1912 жылдың 14 сәуірінде Нью-Йоркке сапары барысында айсбергке соқтығысып, апатқа ұшыраған болатын. Ол су түбіне небәрі 2 сағат 40 минут ішінде батып кеткен. Салдарынан кемеде болған 1,5 мың адам көз жұмды.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!