«Борат менің бауырым» қыста прокатқа шығады

Фотография - «Борат менің бауырым» қыста прокатқа шығады

Еркін Рақышевтың Саша Барон Коэнге жауап ретінде екі жыл бұрын түсірілген “Борат менің бауырым” биылғы қыста көрермендер назарына ұсынылады

259 0


Еркін Рақышевтың Саша Барон Коэнге жауап ретінде екі жыл бұрын түсірілген “Борат менің бауырым” биылғы қыста көрермендер назарына ұсынылады.

   Әлемге Бораттың фильмі арқылы жағымсыз жағынан көрінген Қазақстанның беделін қалпына келтіремін деген Рақышевтің арманы тек жартылай орындалды деуге болады. Өйткені фильм түсіріліп болғанымен оны америкалық прокатқа шығаруға рұқсат берілмеген. Бұл жайында ол “Еуразия” кинофестивалінің аясында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

   “Біз киноны америкалық прокатқа шығару үшін олармен ұзақ келіссөз жүргіздік. Олар өздерінің президентін ұрып жатқан бейнені көрсете алмайтындығын алға тартып, Бен Ладен мен Буштың төбелесетін көрінісін алып тастауды талап етті. Сонымен қатар Бораттың фильмінен алған үзіндімізді де заңсыз алынған деді. Егер фильмнен ол сәттерді кесіп алып тастаса оның мәні жойылып кетеді. Нәтижесінде фильмді америкалық прокатқа шығармаймыз деп шештік”, - деді Рақышев.

   Фильм британдық комик Саша Барон Коэннің «Борат» фильмін көріп, әбден күлген америкалық жігіттердің Қазақстанды өз көздерімен көруге келуінен басталады.

   Еркін Рақышевтің жаңа туындысында басты рөлдерді Лермонтов атындағы орыс театрының актерлеріі Антон Митнев пен Роман Хикалов, Аша Матай және Әсел Сәдуақасова ойнайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!