Балаларға арналған "Томпақ" телехикаясы көрсетіле бастады

Фотография - Балаларға арналған "Томпақ" телехикаясы көрсетіле бастады

 «Қазақстан аниматорлар ассоциациясы» мен «Сақ» киностудиясы түсiрген «Томпақ» атты балаларға арналған телехикая “Балапан” телеарнасынан көрсетіле бастады.

265 0

 «Қазақстан аниматорлар ассоциациясы» мен «Сақ» киностудиясы түсiрген «Томпақ» атты балаларға арналған телехикая “Балапан” телеарнасынан көрсетіле бастады.

Әрқайсысы 30 миунттан тұратын 12 бөлімдік фильмнің режиссері Батырхан Дәуренбеков.

Түсірілім Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылы мен Шымкенттегi Назарбаев зияткерлiк мектебiнде өткен.

Телехикая жайында «Балапан» телеарнасының директоры Лейлә Сұлтанқызы: «Фильмнiң Оңтүстiкте түсiрiлуiнде үлкен мән бар. Өйткенi, бұл - қазақтықтың қаймағы сақталған, тiл мен дiннiң тiрегi болған қасиеттi өңiр. Биыл телеарнамыз үш жылдығын тойлайды. Осы мерейлi мерекеге орай көптеген жобаларды қолға алудамыз. Бүлдiршiндерiмiздi қуанту үшiн барынша еңбек етемiз», — дедi.

    Жат планетадан келген Томпақпен бірге шытырман оқиғаларды басынан өткізетін Тасболат, Берiк және Есеттің рөлдерін Арман Қасымбеков, Рауан Ахмедов, Олжас Омаров сомдайды. Сонымен қатар фильмде Жүсiп Ақшораев бастаған әзiл-сықақ театрларының танымал әртiстерiнің ойынын тамашалай аласыздар.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!