«М-агент» бәрін қорқытпақ

Фотография - «М-агент» бәрін қорқытпақ

 IX Халықаралық “Еуразия” кинофестивалінің «Динамикалық қазақ киносы» бағдарламасы аясында Еркін Рақышевтың “М-агент” деп аталатын қорқынышты фильмі көрсетілді.

149 0

 IX Халықаралық “Еуразия” кинофестивалінің «Динамикалық қазақ киносы» бағдарламасы аясында Еркін Рақышевтың “М-агент” деп аталатын қорқынышты фильмі көрсетілді.

   Режиссер өзінің алғашқы қорқынышты туындысы жайында: “Қазір интернет дамыған заман. Одан алатын дүниелер көп, алайда, дұрыс пайдаланбасаң, интернеттің зияны да шаш етектен. Егер сіз интернет арқылы күмәнді адамдармен танысатын болсаңыз, мұның соңы жақсылыққа апармайды. Біздің фильм осы жағдайды көрсетеді”, - дейді.

   Ол фильм көрсетілімінде жас шектеуі болмағанымен, оны жалғыз көру мүмкін еместігін айттып, “Тіпті, біздің монтаждаушылар да фильмді тек күндіз өңдеді”, - дейді Еркін Рақышев.

   Картинадағы басты рөлді “Келін” фильмімен танымал Гүлшара Жандарбекова ойнайды.

   Фильм қазақстандық прокатқа 2013 жылдың қараша айында шығады деп жоспарлануда.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!