«Поэзия патшайымы» атты көрме ашылды

Фотография - «Поэзия патшайымы» атты көрме ашылды

ҚР Халық Жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Поэзия патшайымы» атты кітап көрмесі ашылды

373 0


ҚР Халық Жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Поэзия патшайымы» атты кітап көрмесі ашылды деп хабарлайды ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақынға арналған көрме «Өлеңмен өрілген өмір», «Жыр – менің жалғыз тарланым, Аялап өтер ардағым», «Достар – айдын, ел - кемем» атты үш бөлімнен тұрады. Көрмеге Фариза Оңғарсынованың толық шығармалар жинағы, әр жылдары жарық көрген өлендер жинағы, анықтамалық, энциклопедиялар, газет-журналдар, фотосуреттер және белгілі қоғам және әдебиет қайраткерлерінің ұлағатты сөздері қойылған.

Фариза Онғарсынованың шығармашылығы ақындық диапазон кеңдігімен, биік азаматтық болмысымен, өнерге деген үлкен жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ол – атақты ақын, жоғары деңгейлі аудармашы, талантты журналист, көрнекті қоғам қайраткері және сырлы әндердің авторы.

Бірақ та Фариза Онғарсынованың шығармашылығында өлеңдер ерекше орын алады. Ол Отан, достық, өз халқының тарихы, ақын мен поэзияның орны, өз сүйікті өлкесінің табиғаты туралы жырлайды. Өлеңдерінде еңбек адамдарын мадақтайды. Ақынның шығармашылығының бұлақ бастауы, өмір мұраты - дүлдүл ақын, қайсар сарбаз Махамбет. Әрине, ең әдемі және лирикалық өлеңдері махаббатқа арналған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!