"Шал" бас жүлдені иемденді

Фотография - "Шал" бас жүлдені иемденді

Қазақстандық танымал режиссер Ермек Тұрсыновтың "Шал" фильмі халықаралық "Киношок-2013" кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. Ал "Шал" фильміндегі басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов "Ең үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды

282 0

Қазақстандық танымал режиссер Ермек Тұрсыновтың "Шал" фильмі халықаралық "Киношок-2013" кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. Ал "Шал" фильміндегі басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов "Ең үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Ермек Тұрсынов «Шал» фильмін атақты жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірді. Фильмді жасау идеясы Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевқа тиесілі. "Шал" – 2012 жылдың "Ең үздік фильмі" болып танылды.

Айта кететін болсақ, XXII "Киношок-2013" ашық кинофестиваліне жыл сайын ТМД, Латвия, Литва және Эстония сынды елдері қатысады. Биылғы шара Анапа қаласында 14-21 қыркүйек аралығында өтті.

Фестивалі нәтижесі бойынша, ерекше көзге түскен туындылар мен үздік шеберлерді атап өткеніміз жөн болар. Ең үздік режиссер ретінде "Бұл мен емес" картинасының режиссері Мария Саакян танылса, осы фильмнің операторы Мко Малхасян үздіктер қатарынан көрінді. Эстондық "Тірі суреттер" лентасы "ең үздік сценарий" және "ең үздік әйел рөлі" марапатына ие болды. Қырғызстандық режиссер Темір Бірназаров "Құмарлық" фильмі үшін "Кинодағы азаматтық және эстетикалық позицияның батылдығы үшін" арнайы сыйлығын алды.

Сондай-ақ, "Есеңгіреу шекарасы" атты қысқаметражды фильмдер байқауында бас жүлдені қырғызстандық "Шағала" фильмі қанжығасына байлады. Фильм режиссері – Елизавет Стишова.

Байқауға қатысқан қазақстандықтардың сіздерге жеткізер қуанышы біреу ғана емес, Ерболат атасының ізімен қазақстандық актер Ержан Нұрымбет балаларға арналған фильмдер байқауында "Ең үздік ұл баланың рөлі" номинациясын иемденді. Ержан режиссерлер Ануар Райбаев пен Асия Сулееваның "Жеңіс қылышы" фильміне түскен екен.

Ал "Ең үздік қыз бала рөлі" номинациясы "Бірінші сыныптар" филмінің жас актрисасы Соня Мицкевичке бұйырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!