Ақтөбеде республикалық XXI театрлар фестивалі өтуде

Фотография - Ақтөбеде республикалық XXI театрлар фестивалі өтуде

Белгілі жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған шараға әр облыстың театр ұжымдары келді. 5 күнге созылатын фестиваль аясында 10 театр өз өнерін көрсетеді

392 0

Белгілі жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған шараға әр облыстың театр ұжымдары келді. 5 күнге созылатын фестиваль аясында 10 театр өз өнерін көрсетеді. Тахауи Ахтанов, Оралхан Бөкей, Шерхан Мұртаза,Иран Ғайып сынды майталмандардың шығармалары сахналанады. Дәстүрге айналған фестивалдің мақсаты–театр өнерін насихаттау, дарынды әртістер мен режиссерлерді ынталандыру және ұлы жазушылардың еңбектерін жастарға таныстыру. Фестивалдің алғашқы күні Тахауи Ахтановтың «Ант» пьесасы қойылды.

Нұрлыбек Жұбатқан, Ақтөбе облыстық Тахауи Ахтанов атындағы драма театрының жетекшісі:

- Театр сайысы Ақтөбе қаласында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Театр тарихында мұндай сайыс болмаған. Сондықтан бұл Ақтөбе, біздің театр үшін қуаныш әрі жетістік.


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!