Алматы әкімі Ермек Тұрсыновты жеңісімен құттықтады

Фотография - Алматы әкімі Ермек Тұрсыновты жеңісімен құттықтады

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жазушы, сценарист және кинорежиссер Ермек Тұрсыновты ТМД елдерінің ашық кинофестиваліндегі ірі жеңісімен құттықтады

252 0

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жазушы, сценарист және кинорежиссер Ермек Тұрсыновты ТМД елдерінің ашық кинофестиваліндегі ірі жеңісімен құттықтады.

Қала басшысы бұл Қазақстан киносының соңғы жылдардағы ірі жетістігі екендігін атады. А. Есімов Алматының еліміздің мәдени-білім орталығы екендігін, негізі шығармашылық әлеует осы қалада шоғырланғандығын жеткізді.

Өз кезегінде Е.Тұрсынов қала басшысына ізгі ілтипаты үшін алғыс білдіріп, өзінің шығармашылық жоспары туралы әңгімеледі. Қазіргі кезде режиссер бірнеше картиналарды түсіріп жатқандығын, оның біреуі комедиялық жанрда болатындығын айтты. Оны қазақстандықтар таяу аралықта көре алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «КиноШок-2013» - ТМД елдерінің ашық фестивальі, оған Латвия, Литва және Эстонияда қатысты, фестиваль 15-22 қыркүйек аралығында Анапада өтті. Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлде қазақтың «Шал» фильміне берілді. Фильмнің сценарийін жазған әрі режиссері - Ермек Тұрсынов. Ал аталған фильмде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғұзақов «Үздік ер адам рөлі» аталымындағы жүлдені жеңіп алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!