1 қазанда «Астана Опера» театрының камералық залы ашылады

Фотография - 1 қазанда «Астана Опера» театрының камералық залы ашылады

2013 жылы 1 қазанда Халықаралық музыка күнінде «Астана Опера» театрының камералық залының салтанатты ашылуы болады

263 0

2013 жылы 1 қазанда Халықаралық музыка күнінде «Астана Опера» театрының камералық залының салтанатты ашылуы болады. Бұл туралы елорданың ресми сайтынан хабарланды.

«Басты қонақ - музыканы ерекше сезетін әсем меццо-сопрано иесі, депутат, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, әнші Дариға Назарбаева. Ол пианист, ҚР Еңбегі сіңген қайраткер Тимур Орманшеевтің сүйемелдеуімен ән салады», - делінген «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры баспасөз қызметінің хабарламасында.

Камералық залдың ашылуына орайластырылған гала-концертте, сондай-ақ әлемге әйгілі скрипкашы, ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева өз өнерін паш етеді. Концертке «Астана Опера» театрының жеке орындаушылары, ҚР Еңбегі сіңген әртістер Талғат Мұсабаев (баритон), Жан Тапин (тенор) және «Солисттер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі қатысады. Ұжымның көркемдік жетекшісі - Айман Мұсақожаева, бас дирижері - ҚР Еңбегі сіңген қайраткер Бақытжан Мұсақожаева. Сонымен қатар, концертке Львовтың мемлекеттік филармониясының бас дирижері Айдар Торыбаев қатысады.

Бағдарламада - Барокко дәуірінің музыкасы. Сол заманның данышпандары Г.Ф.Гендель, И.С.Бах, Т.А.Витали, А.Вивальдидің шығармалары орындалады.

«Астана Опера» театрының камералық залының салтанатты ашылуына шақыру билеті бойынша кіруге болады.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, камералық залдың салтанатты ашылуынан кейін 9 қазанда жоғары өнерді сүйер қауым үшін «Астана Операның жас дауыстары» атты классикалық музыкадан керемет концерт өтеді. Билетті «Астана Опера» театрының кассасынан алуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!