Тұрсынбектің театры тарту етеді

Фотография - Тұрсынбектің театры тарту етеді

Елордасы Астана қаласында 16 қазан күні Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының «Әзіл әлемі» атты кезекті есеп беру концерті өтеді

198 0


Елордасы Астана қаласында 16 қазан күні Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының «Әзіл әлемі» атты кезекті есеп беру концерті өтеді. Бұл туралы халық арасында «Базар жоқ» аталып кеткен театрдың концерт бойынша директоры Нағи Бақытбеков мәлімдеді.

«Концерт бас шаһардағы «Қазақстан» концерт залында өтеді. Бұл кешке театрымыздың директоры Тұрсынбек Қабатов бастаған барлық актерлер өздерінің жаңа әзілдерін ел назарына ұсынатын болады. Егер халық тарапынан сұраныс болса, тағы бір концерт өткізу жоспарда бар»,-деді Нағи Бақытбеков.

Биыл 3 жылдық мерейтойларын атап өтіп жатқан театр ұжымының концертіне қазақ эстрадасының жұлдыздары да өнер көрсетеді деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!