Астраханда Қазақстан ұлттық киносының күндері басталды

Фотография - Астраханда Қазақстан ұлттық киносының күндері басталды

Астраханда Ресейдегі Қазақстан ұлттық киносының күндері ашылды. Құрамында әртістер, режиссерлар, операторлар бар қазақстандық делегацияны Қазақстан кинематографтар одағының төрағасы Игорь Вовнянко бастады.

202 0

Астраханда Ресейдегі Қазақстан ұлттық киносының күндері ашылды. Құрамында әртістер, режиссерлар, операторлар бар қазақстандық делегацияны Қазақстан кинематографтар одағының төрағасы Игорь Вовнянко бастады.

Қазақстан киносының күндері аясында шығармашылық кездесулер өткізіледі, «Жау жүрек мың бала», «Шал», «Қыз Жібек», «Дом у соленого озера» фильмдері көрсетіледі, деп хабарлады Астрахан облысы Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кино күндерінің салтанатты ашылуынада сөз сөйлеген Игорь Вовнянко: «Кеңес Одағы құлағаннан кейін мұндай ауқымды акция алғаш рет ұйымдастырылып отыр, мұндай шаралар халықтарды жақындастырып, елдер арасындағы мәдениет диалогты нығайтады» деді.

Қазақстанның халық әртісі, ҚСРО халық әртісі, актер, режиссер, драматург Асанәлі Әшімов те мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті. Белгілі әртіс басты рөлдерін өз сомдаған үш фильмді ұсынды. «Көрермендермен кездесу біз үшін өте маңызды. Олар бізді шабыттандырады. Кезінде мұндай кездесулер көп болатын. Сол үрдіс қайта жанданғаны жақсы болды. Ресейден кейін біз Қазақстан киносын Қытайға апарып, таныстырамыз», - деді А. Әшімов.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!