Бүгін Астанада Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді

Фотография - Бүгін Астанада Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

138 0

Бүгін сағат 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында КСРО Халық әртісі, қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Композитор Мұқан Төлебаев қазақтың еуропалық үлгідегі кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі болып саналады. Оның 100-ден астам шығармалары бар. Композитордың қаламынан шыққан опералардың, оркестрлік немесе вокалды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады.

Мұқаңның композиторлық дарынының шырқау шыңы болған «Біржан-Сара» операсы - КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған шығарма. «Біржан Сара» - қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі.

Артына қайталанбас мұра қалдырған Мұқан Төлебаевтың есімі ел жадында мәңгі сақталуда. Оның мол мұрасы қазақ мәдениетінің асыл қазынасы, таусылмас байлығы болып қала бермек.

Қазақтың аса көрнекті композитордың 100 жылдығына арналған салтанатты концертке «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасы, хор мен оркестрі және басқа да өнер шеберлері қатысады.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!