Павлодар облысында Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер жинағының тұсауы кесілді

Фотография - Павлодар облысында Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер жинағының тұсауы кесілді

Шарбақты тарихи-өлкетану мұражайында қазақ поэзиясының ақсақалы Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер жинағының тұсауы кесілді

211 0

Шарбақты тарихи-өлкетану мұражайында қазақ поэзиясының ақсақалы Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер жинағының тұсауы кесілді.

«Компакт-диск ақынның биылғы 90 жылдық мерейтойына арналып шығарылды, - деп хабарлады павлодарлық Шафер мұражай-үйінің басшысы Татьяна Корешкова. - Мұражай қызметкерлері Маралды ауылында туған ақынның өлеңдеріне жазылған ең үздік әндерді таңдап, жаздырды. Оның лирикасы әуенді, ал әндері халық әні болып кеткен».

«Мен Мұзафар Әлімбаевты мақтан тұтам. Біз біртуар ақынға арнап мектептер мен ауыл округтерінде бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап қойдық, - деді өз сөзінде Шарбақты ауданының әкімі Ерғали Асқаров».

Шараға жиналған көзкөрген ақсақалдар мен жас оқырмандар Мұзафар Әлімбаев жайлы әңгімелер айтты.

Әлімбаев Мұзафар 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Қазақ ақыны, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы. 1978 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атанды. Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Ұлы Отан соғысының ардагері.

Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды. Жазушы шығыстың классикалық поэзиясындағы рубаят үлгісімен де жазған ақын. Ол А.Пушкин, М.Лермонтов, М.Исаковский, Н.Тихонов, Тоқтағұл, Я.Райнис, Фирдоуси, Сағди, Ш.Петефи, Г.Апполинер, Ю.Фучек, Н.Хикмет, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. М.Әлімбаев қырғыздың әйгілі «Манас» эпосын қазақ тіліне аударушылардың бірі.

Ақын шығармалары бірқатар КСРО халықтары және шетел тілдеріне аударылған. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!