«Балапан» телеаранасы 3 жасқа толды

Фотография - «Балапан» телеаранасы 3 жасқа толды

«Қазақ телевизиясындағы тұңғыш балалар арнасы - «Балапан» бүгін 3 жасқа толды», - деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы

270 0

«Қазақ телевизиясындағы тұңғыш балалар арнасы - «Балапан» бүгін 3 жасқа толды», - деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

Телеарна 2010 жылдың 27- қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК АҚ-ның құрамында ашылған. 3-12 жас аралығындағы балаларға арналған телеарна тек қазақ тілінде хабар таратады. «Балапан» телеарнасы алғашында 12 сағат хабар таратты. Бүгінде 17 сағат бойы кабельдік желіде эфирге шығады.

Телеарна кішкентай көрермендеріне танымдық, спорттық, интеллектуалдық ойындар мен музыкалық шоу, отбасылық хабарлар, анимациялық мультфильмдер мен балаларға арналған телехикаялар ұсынуда. Бүгінде «Балапан» балалардың айнымас серігіне айналды. Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, зерде-зейінін ұштайтын, тәлім-тәрбие беретін, ұлттық тарих пен салт-дәстүрді санасына сіңіретін сан түрлі бағдарламалар жасалды.

Еліміздегі балаларға арналған бірден-бір телеарна биыл жаңа маусымды тың жаңалықтарымен бастады. Атап айтсақ, тұңғыш балаларға арналған «Томпақ» фантастикалық телехикаясы, сән әлемімен таныстыратын «Әдемі-ай», балаларды ғылымға баулитын «Білгіштер бекеті» бағдарламасы, компьютердің қыры мен сырын үйрететін «Чип пен Байт» және бірнеше шетелдік мультхикаялар ұсынуда. Сонымен қатар, басқа да бағдарламалардың жаңа маусымы түсірілді. Телеарнаның balapantv.kz cайты балаларға арналған түрлі ойындар, мультхикаялар, жаңалықтар, танымдық материалдар мен қызықты ақпараттар ұсынады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!