Сыр елі мәдениет қызметкерлерінің күнін атап өтті

Фотография - Сыр елі мәдениет қызметкерлерінің күнін атап өтті

Кеше Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында мәдениет қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті

268 0

Кеше Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында мәдениет қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, оларға шығармашылықта зор табыстар тіледі. Сырдың жері ежелден таланттарға бай. Бұл асыл топырақтан бергі заманның өзінде халқымыздың мақтанышына айналған Әбділда Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Роза Бағланова, Нартай Бекежанов,Сәбира Майқанова, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнолла Шүкіров, Сұлтан Қожықов, Қалтай Мұхамеджанов, Қалжан Нұрмаханов, Оразбек Сәрсенбай, Сахи Романов, Салихитдин Айтбаев секілді толымды тұлғалар шыққан. Қызылорда жері әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен қол өнерінің тума таланттарына қазір де кенде емес.

Облыс басшысы осы әңгіменің арқауын тарқата келіп, облыстың бір топ мәдениет қайраткерлеріне төсбелгілер, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!