Алматыда Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының қойылымдары көрсетіледі

Фотография - Алматыда Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының қойылымдары көрсетіледі

Алматыда 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Т.Абдымомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының қойылымдары көрсетіледі

200 0

Алматыда 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Т.Абдымомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының қойылымдары көрсетіледі.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында болатын бұл шара Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылып отыр.

Марат Алышбаев жетекшілік ететін Т. Абдымомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры Алматы тұрғындары мен қонақтарына Ш.Садыбақасовтың «Ақ боз ат», Н.Коляданың «Нәзіктік», Р.Отарбаевтың «Тағдыр» драмасын ұсынбақ.

1926 жылғы 1 қарашада Бішкек қаласында құрылған театр репертуарына осы уақытқа дейін 500-ге жуық қойылым енген болатын. Олардың ішінде Ш.Айтматов, Т.Абдымомынов, А.Тоқомбаев, К.Эшқамбетов, К.Жантошев, К.Мәліков, Ж.Садықов, М.Байджиев, М.Тойбаев, Ж.Құлмамбетов, Р.Саев сияқты ұлттық және Н.Гоголь, В.Шекспир, Лопе де Вега, А.Островский, Ж.Мольер, К.Гольдони, Ф.Шиллер секілді шетелдік драматургтердің озық туындылары бар. Өнер ордасы биыл өзінің 78-маусымын 8 қазан күні Аман Жапаров режиссерлігімен қойылған Т.Абдымомыновтың «Әбүйір кешірмейді» деген қойылымымен ашпақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!