«Әсем де сұлу» Медеу Арынбаев «Қазақстан дауысында»

Фотография - «Әсем де сұлу» Медеу Арынбаев «Қазақстан дауысында»

Көптен күткен «Қазақстан дауысы» ән байқауының түсірілімі көрерменге жол тартты. Әлемнің бірнеше елінде өтіп үлгерген «The Voice» байқауы біраз халыққа таныс

345 0

Көптен күткен «Қазақстан дауысы» ән байқауының түсірілімі көрерменге жол тартты. Әлемнің бірнеше елінде өтіп үлгерген «The Voice» байқауы біраз халыққа таныс.

Жуық арада қытайлықтарды қазақтың әнімен жылатқан Тасқын есімді қандасымызды көрген болатынбыз. Сондай-ақ, Ресейде өткен «Голос» байқауының жеңімпазы Дина Гарипова есімді татар қызын да білеміз. Тіпті орыстар осы жылы еш байқау өткізбей, Динаны «Евровидениеге» бірден аттандырған болатын.

Дәл бізде осы бір байқау қалай болмақ?! Еліміздегі тек қазақ тілінде сөйлейтін «Қазақстан» ұлттық арнасының бастамасы биылға жаман емес. Дәл осы жылы «Жұлдызды сәт» байқауы көрерменге жол тартты. Халық арасынан біраз таланттарды анықтап, бағын ашты. «Ұлттық» болмаса да, таза қазақ тілінде өтететін жобалар әбден керек екені байқалды. Әйтпесе саяси тұсы басым «Super star», «X faсtor» телевизиялық жобаларының қызығы қалмады. Неге дейсіз ғой, «көп ұлтты» мемлекеттің саяси ұстанымына сай бұл байқаудың соңында қазақ пен қазақ тұрып бақ сынаса алмайды. Әйтеуір дауысы бар, дені дұрыс қазақтың жанына өзге ұлт өкілін мінгестіріп қояды. Неге? Яғни қазақтың өз елінде тұрып жеңіске жетуі айтпаса да түсінікті ғой. Тіптен «Super star» жобасында осы Алмас, Қайрат, Нұржандар «Мен қазақпын, сол үшін мен жеңуім керек» деп батылдық танытты, әрі жеңді де. Қызығы, кейіннен өздерінің қазақ болғандықтарынан жеңгендігін мойындады. Мәселе қайда жатыр? Ал «X faсtor» жобасында ондай ұрандар мүлдем жоғалды. Ал соңғы екі жылдың нәтижесі бәрімізге аян. Байқағанымыздай, биылғы «X faсtor –4» маусымына қатысып жатқан үміткерлердің деңгейі төмен. Керісінше, «X faсtor»-да бағы жанбаған кейбір үміткерлер жаңа жоба — «Қазақстан дауысына» келген.

«Қазақстан дауысының» бірінші күнінен бастап қазылар алқасына көңіліміз толмаған тұстары болды. Қазылар алқасының есімдері белгілі болып жатқанда, риза болмаған кейбір музыкалық «сыншыларды» білеміз. Түрі түстелмегенімен, жалпы бірінші түсірілімнен соң белгілі болғандай, қазылар өздерінің қызыл тетікті басу-баспау себебін түсіріндіре алмай жатты. «Барлығы кереметтен» басқа айтарлары болмады. Ал кейбіреулері қызыл тетікті (онысы «Мен сені қалаймын») баспаса да, «Ең жоғарғы орындау болды мен үшін» деп жатты. Бұл қалай? Егер ол үшін ең жоғарғы орындау болса, онда қызыл тетікті басуы міндет емес пе?! Араларында дауыстың «қоңыр», «қара» немесе«қызыл-көк» екенін ажырата алмай қалғандары да болды. Қарапайым халық бас-баритон, тенор-баритонның қандай екенін ажырата алмаса да, «қоңыр дауыстың» не екенін Нұрлан Өнербаевтан біледі. Осы жоба басталмас бұрын тәлімгер А.Кішкенбаев өзінің twitter парақшасында «бір нәрсе айтудан қорқамын» деген сыңайда, яғни «қателесіп бір нәрсе айтып қоюдан қорқатыны» жайлы жазған болатын. Әрине, әншінің «тілінің астынан оның кім екенін анықтауға әбден болады». Оны үміткердің өзі де анықтап алғандай - деп хабарлады baq.kz

Әйтпесе, дүйім жұрттың алдында «әсем, сұлу Медеу Арынбаевты» таңдап алмайды ғой. Бұл жобаның алғашқы кезеңінде қазыларға түскен жүк — қатысушыны барын сала отырып өз тобына қосу. Осыдан бір жыл бұрын дәл осындай жобаның тәлімгері («O ses Turkiye») әнші Мұстафа Сандал ұнаған қатысушысына өзін таңдатқызуы үшін басқа қарсыластарын «Осы жерде менің ғана дискім ең көп сатылған» деп кемсіткен болатын. Жобаның келесі кезеңдерінде тәлімгердің үміткерге әнді дұрыс таңдап, оны жеңіске жетелеу үшін оның музыкалық білімі, жоғары деңгейдегі шеберлік, тәжірибенің мол болуы абзал. Бұл жобада тәлімгерлердің «өмірлік принциптерінің» рөлі аз «ойнайды».

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!