'Хабар' агенттігі 'Сұлтан Сүлеймен' түрік телехикаясының бір сериясын 5 мың еуроға сатып алған

Фотография - 'Хабар' агенттігі 'Сұлтан Сүлеймен' түрік телехикаясының бір сериясын 5 мың еуроға сатып алған

 Басқарма төрағасының айтуынша, шетелдік өнімдерді сатып алуға арна бюджетінің 1 млрд теңгеден астамы жұмсалады екен. Айталық, белгілі "Сұлтан Сүлеймен" түрік телехикаясының бір сериясын агенттік 5 мың еуроға сатып алған

196 0

 Басқарма төрағасының айтуынша, шетелдік өнімдерді сатып алуға арна бюджетінің 1 млрд теңгеден астамы жұмсалады екен. Айталық, белгілі "Сұлтан Сүлеймен" түрік телехикаясының бір сериясын агенттік 5 мың еуроға сатып алған.

"Сұлтан Сүлеймен" телехикаясы рейтингісі ең жоғары және қымбат сериал болды", - деп хабарлады baq.kz

Басқарма төрағасы өз сөзінде арнаның коммерциялық табысына да тоқталды. 2011 жылы арнаның коммерциялық табысы 1 млрд 319 млн теңге болса, 2012 жылы бұл сома 1 млрд 242 млн теңгені құраған.

"Бұл қаражаттың барлығы дивиденд арқылы мемлекетке беріледі. 50 пайызын арнаның дамуына жұмсадық. Техникалық жабдықтауға қажет қаржыны коммерциялық табысымыздан жұмсаймыз", - деді ол.

Ал "Қазақстан" РТРК шетелдік туындыларды сатып алуға бюджеттің 5,4 пайызын жұмсайды. 2010 жылы арнаның жарнамадан түскен табысы 990 млн теңге болса, 2011 жылы ол 1 млрд 130 млн теңге, 2012 - 1 млрд. 452 млн теңгеге жеткен. 2013 жылы да арнаның коммерциялық кірісі 1 млрд 450 млн теңге шамсында болады деп күтілуде


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!