Қырғызстанда «Қазақ-қырғыз бір туған» фильмі түсіріліп жатыр

Фотография - Қырғызстанда «Қазақ-қырғыз бір туған» фильмі түсіріліп жатыр

Қырғызстандық театр және кино режиссері Нұрлан Абдықадыров «Қазақ-қырғыз бір туған» деп аталатын фильм түсіріп жатыр

250 0

Қырғызстандық театр және кино режиссері Нұрлан Абдықадыров «Қазақ-қырғыз бір туған» деп аталатын фильм түсіріп жатыр.

Бұл туралы Қазақстандағы Қырғызстан күндері аясында өтіп жатқан Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының Алматыда өз қойылымдарын көрсету кезінде айтылды.

«Өткен жылы Қырғызстанда Қазақстан күндері өткен болатын. Бір айға созылған бұл шара бауырлас екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықты жаңа қарқынмен қайта жандандыруға үлкен септігін тигізді. Соның нәтижесінде 29 жыл бойы үзіліп қалған қазақ-қырғыз театрларының арасындағы байланыс қайта жалғасып, бір жылдың ішінде «Қырғызфильм» мен «Қазақфильм» киностудиялары арасында 2 бірдей киноны түсіру жұмыстары басталып кетті. Оларды Нұрлан Абдықадыров пен Кумондор Абылов түсіріп жатыр», - дейді Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының директоры, Қырғыз Республикасының Ел әртісі Марат Алышпаев. Оның айтуынша, «Қазақ-қырғыз бір туған» деп аталатын Нұрлан Абдықадыровтың фильмінде басты кейіпкерлерді сомдауға Жамбыл облыстың театрының актерлары қатысқан. Түсіру жұмыстары тамыз айында басталған бұл туынды Бішкек, Алматы қалалары мен Ыстық көл маңында түсірілген. Шығармаға Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын қырғыз жігіті мен қазақ қызының арасындағы махаббат хикаясы арқау болмақ. Ол алғашқыда бұл тақырыпта пьеса жазбақ болады. 2010 жылдары Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақтың академиялық мемлекеттік драма театрында істеп жүрген кезінде қолға алған бұл идеяның киносценарийге айналуына арада 10 жыл өткенде Қырғызстандағы Қазақстан Елшісі болған Бейбіт Исабаев түрткі болған көрінеді.

Қырғыз Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері, Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Н. Абдықадыров 1962 жылы өмірге келіп, Ташкент мемлекеттік театр институтын «қоюшы-режиссер» мамандығы бойынша КСРО Халық әртісі Шухрат Аббасовтың сыныбында бітірген болатын. Актер ретінде 1988 жылы Ташкентте түсірілген толық метражды «Дикар» және 2007 жыл Бішкекте жарық көрген «Таалим» қысқа метражды фильмдерінде ойнаған ол алдымен деректі фильмдер түсірді. Атап айтқанда 1991 жылы «Ақындардың ағасы», 1998 жылы «Эхо», 2007 жыл «ШОС», 2010 жылы «Формуле успеха Назарбаева» деген туындылары жарық көрді. Ал ойындық кино жанрында 2007 жылы түсірілген «Чтения Петрарки» деп аталатын фильмімен 2009 жылы Мәскеуде өткен «Детективфест» ХІ халықаралық кинофестивалінде «Оборотни в поганах» аталымы бойынша бас жүлде алды. Одан кейін 2011 жылы «Бабье лето», 2012 жылы «Полет на Набиру» деген көркем фильмдер түсірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!