Аягөзде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ескерткіші ашылды

Фотография - Аягөзде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ескерткіші ашылды

Аягөз ауданында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ескерткіші салтанатты түрде ашылды

809 0

Аягөз ауданында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ескерткіші салтанатты түрде ашылды. 

Ескерткіш қойылған «Жастар» саябағы толығымен жаңартылып, ішіне волейбол, теннис алаңдарын, субұрқақ орнатуға 31 миллион теңге жұмсалса, ескерткіш демеушілер көмегімен тұрғызылыпты.

.

– Біз болашақ үшін ешуақытта өткенімізді ұмытпауымыз керек. Барлығымыз жас кезімізден Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың арасындағы сезім жырланатын мың жылдық әдеби мұраны жақсы білеміз. Осы ескерткішті ашудағы басты мақсат – жастарымызды Қозы мен Баянның сүйіспеншілігі аясында тәрбиелеу. Өйткені, екі жастың бір-біріне деген мөлдір махаббаты – ұлттық мәдениетіміздегі әдеміліктің, ақылдылық пен парасаттылықтың айнымас үлгісі, – деген Бердібек Сапарбаев облыс басшылығы атынан ескерткішті салуға көмек қолын созған, осы істі жан-жақты қолдаған аудан азаматтарына, кәсіпкерлерге ақжарма алғысын білдірді.

Бұдан әрі сөз сөйлеген жергілікті ақсақалдар алқасының мүшесі Мұқан Балабеков айтулы оқиғаға қатысты өзінің жүрекжарды тілегін айтып, Аягөз өңірінің шын мәнінде махаббаттың отаны атанып отырғанын жеткізді - деп хабарлады baq.kz

Ашылу рәсімінен соң сол күні шаңырақ көтерген жас жұбайлар мәңгілік махаббаттың символы – Қозы мен Баянның ескерткішіне тағзым етті. Жастарға облыс әкімінің арнайы сыйлығы мен құттықтау хаты табыс етілді. Осы сәулет туындысы оларды тау суындай мөлдір махаббатқа, пәк сезімдерге жетелеп, шаңырақ көтерген сәттерінің куәсі болары сөзсіз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!