Мұхтар Әуезовтің бұрын жарық көрмеген кітабы сыйланды

Фотография - Мұхтар Әуезовтің бұрын жарық көрмеген кітабы сыйланды

Ғалым Мұрат Әуезов Семейдегі Абай атындағы кітапханаға Мұхтар Әуезовтің 20 томдығына енбеген, бұрын жарық көрмеген, мұрағат құжаттары негізінде дайындалған жаңа кітабының бір данасын сыйға тартты

251 0


Ғалым Мұрат Әуезов Семейдегі Абай атындағы кітапханаға Мұхтар Әуезовтің 20 томдығына енбеген, бұрын жарық көрмеген, мұрағат құжаттары негізінде дайындалған жаңа кітабының бір данасын сыйға тартты.

Қазақ футболының 100 жылдық тойына орай Семейге арнайы келген құрметті қонақ - М.Әуезов қоғамдық қорының президенті, әдебиеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов қаладағы Абай атындағы кітапханада кездесу өткізді.

Сондай-ақ, «Әлемге танылған ұлы тұлға» деген сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, кемеңгер Абай, Шәкерім, Мұхтардай алыптардың қоғамдық және жеке отбасылық өмірлеріне байланысты тұпнұсқа дереккөздер ұсынылды.

Мәртебелі мейманымыз XX ғасырдың басындағы Ә.Бөкейханов, Ж.Ақпаев, М.Әуезов, Б.Майлин, Ә.Ермеков, Ж.Күдерин, М.Дулатов, С.Сейфуллин сияқты қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын ғасырын құраған ұлт зиялыларының, қоғам қайраткерлерінің көзі тірісінде жария көрген сирек туындыларын, мақалаларын көріп, тәнті болды - деп хабарлады  baq.kz

Осындай бай рухани қорын сақтап, көпшілік назарына ұсынып отырған киелі шаңырақ ұжымына зор алғысын білдіріп, М.Әуезовтің 20 томдығына енбеген, бұрын жарық көрмеген, архив құжаттары негізінде дайындалған жаңа кітабының бір данасын сыйға тартты.

 


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!