«Оскарға» ұсынылған «Шал»

Фотография - «Оскарға» ұсынылған «Шал»

Режиссер Ермек Тұрсыновтың “Шал” фильмі “Оскар” сыйлығына ұсынылды

148 0

Режиссер Ермек Тұрсыновтың “Шал” фильмі “Оскар” сыйлығына ұсынылды.

   Бүгінгі күні “Шет тіліндегі ең үздік фильм” категориясы бойынша ұсынылып жатқан фильмнің барлық қажетті құжаттары АҚШ-қа жіберілген.

   “Шал” драмасы Эрнест Хемингуэйдің “Шал мен теңіз” повестінің желісімен түсірілген. Бұл фильм келіні және немересімен жапан түзде өмір сүріп жатқан шалдың оқиғасын баяндайды.

   Фильмнің басты рөлін Ерболат Тоғызақов сомдайды. Ол 2013 жылы Қазақстанда “Ең үздік актер” атанса, Ресейде “Киношок” кинофестивалінде “Ең үздік ер адам рөлі” жүлдесін иеленген.

   “Оскардың” шорт-парағы 2014 жылдың қаңтарында жарияланатын болады. Ал марапаттау рәсімі 2014 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте өтеді.

   Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанның атынан “Оскар” сыйлығына Ақан Сатаевтың “Жаужүрек мың бала” тарихи дарамасы ұсынылғанымен байқаудың шорт-парағына іліге алмады.

   Ал Ермек Тұрсыновтың 2010 жылы “Оскарға” ұсынған “Келін” фильмі фестивальдің шорт-парағына кіргенімен, бас жүлде ала алмаған еді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!