Бақытжан Момышұлының басына құлпытас орнатылды

Фотография - Бақытжан Момышұлының басына құлпытас орнатылды

Қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының ұлы, жазушы, аудармашы Бақытжан Момышұлының арамыздан кеткеніне көп бола қоймады. Өткен жылы желтоқсан айында өмірден озған ағамыз тірі болғанда бүгін 72 жасқа толар еді. Осыған орай бүгін «Кеңсай» зиратында Бақытжан Момышұлының басына құлпытас орнатылды

327 0

Қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының ұлы, жазушы, аудармашы Бақытжан Момышұлының арамыздан кеткеніне көп бола қоймады. Өткен жылы желтоқсан айында өмірден озған ағамыз тірі болғанда бүгін 72 жасқа толар еді. Осыған орай бүгін «Кеңсай» зиратында Бақытжан Момышұлының басына құлпытас орнатылды.

Асылдың сынығына құран бағыштап, еске алу шарасына, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева, Қазақстан Жазушылар одағы өкілдері мен көптеген қаламгерлер, ғалымдар мен жазушының ағайын-туыстары, және Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатының оқушылары қатысты. ҚР Ардагерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары, «ARSYSTEMS.kz» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Әділ Несіпбаев Бақытжан Момышұлы шығармашылығы, өмірі турасында тоқталып өтті.

Қаламгердің жары Зейнеп Ахметова өз кезегінде өткен шақтан естеліктер айта келіп, құлпытас қоюға атсалысқан азаматтар – Заманбек Жәкеновтың ұлы Елмұрат Жәкеновке, атақты сәулетші Қайрат Сұраншыға алғысын айтты.


Бақытжан Момышұлының асы осы сенбіде (5.10. 2013) беріледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!