Абылай ханның 300 жылдығына арналған көрме ашылды

Фотография - Абылай ханның 300 жылдығына арналған көрме ашылды

Абылай ханның 300 жылдығы мерекесі аясында Көкшетауда қылқалам және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ашылды

594 0

Абылай ханның 300 жылдығы мерекесі аясында Көкшетауда қылқалам және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ашылды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты Ақмола облысының 17 ауданы, Көкшетау және Степногор қалаларының әуесқой шеберлері мен суретшілерінің шығармашылығын насихаттау.

Қала саябағының орталық аллеясында «Көркемөнер Арбат» қылқалам көрмесі койылған. Мұнда жас суретшілер, ҚР суретшілер Одағының мүшелері, балалар көркемсурет мектебінің оқушылары мен оқытушыларының, А.Мырзахметов атындағы университетінің «Дизайн» кафедрасының, «Көкше» Академиясының, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері мен оқытушыларының жұмыстары ұсынылды - деп хабарлады  baq.kz

Шеберлердің жұмыстары әртүрлі жанрларды қамтиды: киіз өндірісі, ағашты көркемдеп өңдеу, тері өңдеу және ағаш ою, металды көркемдеп өңдеу, тоқу, құрақ құру, көркемдеп тігу, шілтер, моншақ жасау, батик, шыбық тоқу және т.б. Сату көмесінде 15 павильон жұмыс істейді, онда 120 қылқалам және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің 900 астам жұмыстары қойылды.

Облыс және қала қонақтарының назарына Көкшетау қаласының А.Трофимов-Черный, В.Быстрицкий, М.Бұрмағанов, Т.Кириенко, Ю.Попов, А.Шүйінишев, В.Юрьев, Ә.Қазбеков, Л.Яроцкий, Л. Безгачева, В.Фризен, Қорғалжын ауданынан К.Райхан, Ерейментау ауданынан А.Гранкин және С.Жылкыбаев, Шортанды ауданынан Бектас Кәрім және Макер Тұрысхан және басқа суретшілер мен шеберлердің шығармашылығы ұсынылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!