Мадонна қасиетті Құранға ден қойды

Фотография - Мадонна қасиетті Құранға ден қойды

Әйгілі поп-жұлдыз Мадонна (Мария-Луиза Чиконне) қасиетті Құранға ден қойғанын жария етті.

215 0

Әйгілі поп-жұлдыз Мадонна (Мария-Луиза Чиконне) қасиетті Құранға ден қойғанын жария етті.

«Мен мұсылман елдерінде қыз балаларға арналған мектептің құрылысымен айналысып жатырмын әрі Құранды оқу үстіндемін. Маған барлық қасиетті кітаптар маңызды»,– деді Harper’s Bazaar-ға берген сұхбатында.

Мадонна тағы бір сөзінде досының «жақсы мұсылман жақсы иудей де, жақсы иудей өз кезегінде жақсы христиан да бола алады» деген сөзін келтіре кетті.

Мадонна өміріне үлкен өзгеріс әкелген иман нұрына байланысты, яғни, темірден жасалған «ниқаб»-қа ұқсас киім үлгісіне қатысты өз тыңдармандарының наласы мен назасына қалған еді. Оның бұл суретінің төменгі жағында «Махаббат революциясы… ИншаАллаһ» деген жазу тыңдармандарының наразылығына тап болған еді.

Жұлдызды тұлғаның асыл дінімізге деген қызығушылығын Брахим Зайбат есімді мұсылманның оятқанын айта кету керек. Өткен жылы әлемдік медиа олардың жұбын жариялаған еді. Ондағы Мадоннаның шариғат шәлісін жамылған фотосуреті бірден әлем жұртшылығының назарын аударған болатын.

Сол сұхбатында 55 жастағы жұлдыздың өткен өмірінен сыр шерткен болатын. Ол жұлдызды шағының басталғанына дейін өзіне тапаншаның кезелгенін, үш рет тоналғанын әрі зорланғанын тілге тиек етті.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!