Абылайдың 40 қызы, 30 ұлы болған

Фотография - Абылайдың 40 қызы, 30 ұлы болған

Абылайдың 12 әйелінен 40 қызы, 30 ұлы болған. Ұлдарының бізге белгілілері: Сағындық - Шуақбай атты қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханым­нан

226 0

Абылайдың 12 әйелінен 40 қызы, 30 ұлы болған. Ұлдарының бізге белгілілері: Сағындық - Шуақбай атты қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханым­нан:

Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім; Қашқар бегі Кенже сарттың қызы Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әб­ділдә; қалмақ ханы Қалдан Сереннің туысы Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым; Сарғалдақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қосым, Арық; Атығай-Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тағай, Сүйік, Әли, Құ­лан, Тоғым; Орыс сұлудан (тұтқын) - Ша­ма; басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәң­гір, Сыпатай. Бұл туралы «Алаш айнасы» басылымы жазып отыр - деп хабарлады ҚазАқпарат

Балаларының ішінде Уәлидің орны бө­лек. Ол әкесі Абылай 1781 жылы қайтыс болғаннан кейін хан болып сайланған-тын. Уәлидің тұлғасын оның Орынбор гу­бер­наторы генерал Рейнсдорпқа (1774 жы­лы, 2 маусым) жазған хаты аңғартады: «Жо­ғары мәртебелі сіздің Шынаят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем - Абылай хан орнында болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқаны шығарыл­ғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал мұндағы елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ қарақ­шы­ны ұстапсыздар (Е. Пугачевті. - редактор), бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі Ұлы мәртебелі императордың біз жауына жау, досына доспыз ғой!». Орыс бақылаушысы Чучалов Уәли туралы: "Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, алған ба­ғы­тынан қайтпайтын қайсар әрі құбылма­лы. Ол мені бір-ақ рет қабылдады. Бұл қы­лы­ғын: «Әкем де Ресей жақтан келгендер­мен бір-ақ рет кездескен еді» деп дәлел­деді», - дейді (Казахско-русские отноше­ния в XVІІІ-XІX веках, А., 1964, 106-б.).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!