БҚО-ның Жаңақала ауылында Абай мүсіні ашылды

Фотография - БҚО-ның Жаңақала ауылында Абай мүсіні ашылды

Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимараты алдында қазақтың ұлы ақыны Абайдың мүсіні ашылды.

463 0

Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимараты алдында қазақтың ұлы ақыны Абайдың мүсіні ашылды.

Оның ашылу рәсімінде аудан әкімі Лавр Хайретдинов ұлы ақынның ұлтымыз үшін алар орнын атап өтті.

Ақын мүсініне кітапхананың үздік оқырманы, ардагер ұстаз Қ.Жақин мен үздік кітапханашы А.Сұлтанова гүл шоқтарын қойып, кітапхана жанынан жұмыс жасайтын үйірме мүшелері өз өлеңдерін және ақынның қара сөздерін жатқа оқыды.

Биік тұғырға орнатылған ұлы ақын мүсіні өзін ұлықтаған есті ұрпақ ниетімен сомданып, шапағат нұрын төгіп тұрғандай көрінді.

Биыл ауданда мәдениет жылы деп жарияланған болатын. Соған орай ауданның халық аспаптар оркестріне үлкен еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, күйші, сазгер, дирижер Айтжанов Бақтығалидың Қызылоба ауылындағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Тақтаның ашылу рәсімінде аудан әкімі Л.Хайретдинов, күйшінің бірге өскен жолдасы Ә.Бердешев сөйлеп, естеліктер айтты. Шараға мол жиналған тұрғындар оның тәрбиелік мәніне баға беріп, үлкен ризашылықтарын білдірді.

Аудан экономикасы мен мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқандардың бірі де бірегейі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Автомобиль жолдары министрі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Леонид Борисович Гончаров болатын. Ол ауданнан депутат болып сайланған жылдары аудандағы әлеуметтік нысандар, стратегиялық көпірлер, жол, тұрғын үйлер салуға айрықша үлес қосып, халық аманатын адал атқарды. Жаңақалалықтар оған да құрмет ретінде аудандық мәдениет үйіне тақта орнатты.

Жалпы, ауданда соңғы жылдары мәдениет саласына ерекше мән берілуде. Оған аудандық мәдениет үйінің алдына орнатылған күй алыптары Құрманғазы, Дина, Мәмен, Оқап, Қали, Тұяқбердінің тас мүсіндері, облысқа барар үлкен жол бойындағы Мәмен мен Тұяқберді кесенелері дәлел. Бұған енді Абай мүсіні қосылып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!