Бүркіт пен Аиша ұлды болды

Фотография - Бүркіт пен Аиша ұлды болды

Көпшілікке жақсы таныс жұлдызды жұп – Бүркіт пен Аиша кеше ата-ана атанды. Өнерлі жігіт енді шекесі торсықтай ұл баланың әкесі.

710 0

Көпшілікке жақсы таныс жұлдызды жұп – Бүркіт пен Аиша кеше ата-ана атанды. Өнерлі жігіт енді шекесі торсықтай ұл баланың әкесі.

«Алақай! Мен ұлды болдым!» деп көпшіліктен «Фейсбуктегі» парақшасында сүйінші сұраған өнер иесінің қуанышында шек жоқ. Бұған себеп те жоқ емес. Өйткені, шақалақ – өнерлі жұптың тұңғышы әрі ұл бала. Көптен күткен нәрестеге әзірге есім қойылмағанын айта кеткен жөн. «Сәбидің денсаулығы жақсы, келіншегімнің де жағдайы ойдағыдай» деп қысқа қайырды Бүркіт.

Жалпы, өнерде өзіндік орны бар Айбек Жансейітовтың жуырда ат ұстардың әкесі болатыны жайлы дүйім жұртшылық хабардар-ды. Бұл жайлы әлеуметтік желі арқылы әлдеқашан жариялап үлгерген әнші, бірер апта бұрын Аишаға құны 90 мың АҚШ доллар болатын «темір тұлпар» сыйлағаны бар. Көп ұзамай жаңа қонысқа көшуді жоспарлап отырған отбасы бір баламен шектелмейтінін жымия жеткізеді.

Ендеше, Бүркіттің перзентінің бауы берік болып, өмір айдынында қанаты талмасын деген тілек білдіреміз.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!