Алматыда Орта Азия халықтарының музыкасына арналған конференция өтіп жатыр

Фотография - Алматыда Орта Азия халықтарының музыкасына арналған конференция өтіп жатыр

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Қазақ және Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасы» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

263 0

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Қазақ және Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасы» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Шара аясында ұйымдастырылған концерттер мен шеберлік сабақтарына қатысқан жұртшылық алтайдың варганын, моңғолдың моринхурын, қырғыздың қыяғын тыңдап, әр дәстүрдің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алады. Бұл шара белгілі қоғам және мәдениет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 115 жылдығына арналды. Әр елден келген ғалымдар түбі бір түркі халықтарының музыкасын зерттеу мәселелері жөнінде ой толғап, ғылыми еңбектерімен таныстырды. Ал конференцияның ашылу салтанатында қазақ халқының дәстүрлі музыкасын зерттеу саласында ерен еңбек сіңірген өнертанушы ғалым Әсия Мұхамбетованың «Қазақтың дәстүрлі музыкасы және ХХ ғасыр» деп аталған монографиясының қазақ тіліне аударылған нұсқасы таныстырылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:

- Темірбек Жүргеновтың әлі де зерттелмей жүрген көптеген сырлары бар. 1936 жылы Қазақстанның Мәскеудегі мәдениет күндері жақсы өткеннен кейін, біз автономиялық республикадан толыққанды Совет Одағының құрамына кірдік. Бұл тарихи кезеңдегі оқиғалар Темірбек Жүргеновтың еңбектерінде көрсетілген.

Әсия Мұхамбетова, өнертану ғылымдарының докторы, профессор:

- Біздің мәдениетіміз түркі мәдениетінің ошағы болып табылады. Сондақтан, біздің музыкамыз 2 ірі бағытта дамыған: бірі - Оңтүстік Сібір халықтарының мәдениетімен астарлас қазақ-моңғол бағыты, екіншісі – қазақ-иран бағыты. Демек, қазақтың ұлттық музыкасының сан ғасырлардан бері жинақталып, қалыптасқан тарихы бар.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!