Бейонсе Роза Рымбаевамен бірге ән айтады

Фотография - Бейонсе Роза Рымбаевамен бірге ән айтады

Қараша айының орта тұсында америкалық жұлдыз Beyonce тағы да Қазақстанға келетін болады.

207 0

Қараша айының орта тұсында америкалық жұлдыз Beyonce тағы да Қазақстанға келетін болады.

Ақпаратты отандық продюсерлердің бірі растап отыр. Beyonce осы сапарында қазақстандық танымал әншімен бірге дуэт орындайды екен. Әншіні Қазақстандағы алдыңғы қатарлы бизнесмендердің бірі туған күн мерекесіне шақыртып отыр. Beyonce Оңтүстік астанамызға ағымдағы жылдың 16 қарашасында келеді. Қазір поп-бикеш Аустралиядағы және Жаңа Зеландиядағы гастролдік сапарларында жүр. Әнші 9 қарашаға дейін сол аймақтарда болады. Ол біздің елде кең танымал болған «Sweet Dreams», «Halo», «I Am… Sasha Fierce» сынды әндерінен басқа, Роза Рымбаевамен бірге "Әлия" әнін шырқайды деп жоспарлануда. Бизнесменнің осы дуэт үшін аз ақша төлемейтіндігі айдан анық.

Қазіргі уақытта америкалық әншімен тағы да бір дуэт орындауға мүмкіндік алу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!