Мартин Лютер Кингтің қолжазбалары бәссаудаға түседі

Фотография - Мартин Лютер Кингтің қолжазбалары бәссаудаға түседі

Техас штатындағы Heritage Auctions бәссауда үйі Нью-Йоркте белгілі американдық шешен және қара нәсілді халықтың құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кингтің қолжазбаларын саудаға шығарады.

187 0

Техас штатындағы Heritage Auctions бәссауда үйі Нью-Йоркте белгілі американдық шешен және қара нәсілді халықтың құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кингтің қолжазбаларын саудаға шығарады.

Heritage Auctions-тің байланыс бойынша директоры Ной Флайшердің сөзіне қарағанда, Кингтің көпшілік алдына шығып сөйлеген кезде керекті жерлерін түртіп алған жүздеген парақшалары сатылады.

«Саудаға жалпы алғанда 74 түрлі лот қойылады, олардың кейбіреуі тек бір бет қағазды, кейбіреуі бірден бірнеше бетті алып жатыр, - деп атап өтті Флайшер. - Біз шамамен екі жүздей парақты саудалаймыз, олар лоттарға тақырыптық белгілері бойынша бөлінді».


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!