«Астана Опера» театры туралы кітап жарыққа шықты

Фотография - «Астана Опера» театры туралы кітап жарыққа шықты

Аталмыш кітаптың таныстырылымы «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесерінде өтпек. Бұл туралы бүгін аталмыш өнер ордасының директоры, композитор Төлеген Мұхамеджанов мәлім етті

501 0

Аталмыш кітаптың таныстырылымы «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесерінде өтпек. Бұл туралы бүгін аталмыш өнер ордасының директоры, композитор Төлеген Мұхамеджанов мәлім етті.

Оның айтуынша, әзірше 2 мыңнан астам тиражбен жарық көріп отырған бұл кітап жаңа театрды көруге келген танымал шетел театрларының жетекшілеріне, әлемдік деңгейдегі өнер ұжымдарына, сыншыларға таратылатын болады.

«Біз театрдың әлемдік тұсаукесерінде көпшілік назарына ұсынылатын тамаша әрі көркем кітап шығардық. Бұл әрбір мейманға біздің театрдан естелік ретінде тарту етілсін деген ниеттен туып отыр. Дүниені жасауда отандық фотографтар мен әдеби-музыкалық мамандардың еңбегі елеулі болды. Театрды ең керемет қырынан танытуға тырыстық», - деді Т. Мұхамеджанов.

Айта кетейік, «Астана Опера» театрының Әлемдік тұсаукесеріне орай төрт кеш өтеді. Басты кеш - 2013 жылдың 21 қазаны - Дж. Вердидің «Аттила» операсының тұсаукесері болмақ. Көрермен назарына ұсынылатын опералық спектакльді дайындауға аттары әлемге әйгілі шеберлер шақырылды. Қоюшы режиссері, сценографы, костюм жөніндегі суретшісі - әлемге белгілі итальяндық шебер, Францияның Құрметті Легионы Орденінің иегері Пьер Луиджи Пицци.

Сонымен қатар әлемдік тұсаукесер аясында «Астана Опера» театрында тұңғыш рет 22 қазанда ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оған Англия, Италия, Испания, Ресей және Қазақстаннан әлемдегі ірі театрлардың директорлары мен дүние жүзінің 25 елінен келетін белгілі театр сыншылары қатысады деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!