«Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері өтеді

Фотография - «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері өтеді

«Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері - жаңа маусымның тек Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ, әлемдік опера мәдениетіндегі басты оқиғасы

284 0

«Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері - жаңа маусымның тек Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ, әлемдік опера мәдениетіндегі басты оқиғасы. Еліміздің бас театрының сахнасында 4 күн бойы әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсетеді. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана Опера» Үлкен театрмен (Мәскеу), Мариин театрымен (Санкт-Петербург), Италия театрлары: Teatro dell'Opera di Roma (Рим) және La Fenice (Венеция) бірге мына қойылымдаржды ұсынады:

21 қазанда 19.00 - Д. Вердидің «Attila» операсының тұсаукесері.

Музыкалық жетекшісі және дирижері - Валерий Гергиев (Мариин театры, Санкт-Петербург). Қойылым - Pier Luigi Pizzi (Teatro dell'Opera di Roma, Италия), бас партияларды орындайтындар - Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркарова (Мариин театры, Санкт-Петербург).

Дүние жүзінің 15 елінен келетін әлемдегі ірі театрлар - La Scala, Covent Garden, Scottish Opera, Opera National de Lyon, опералық театрлардың халықаралық одақтары - Opera America, Opera Europa басшылары мен театр өнерінің қайраткерлері тарихи оқиғаның куәгерлері болады.

Әлемдік тұсаукесер аясында «La Fenice» (Венеция) театры ұсынатын «Attila» операсының тұңғыш қойылымының (1846ж) экспонаттары мен Ресейдің Үлкен театры (Мәскеу) ұсынатын өткен ғасырдың экспонаттары, олардың ішінде опера және балет әлеміндегі атақты тұлғалардың костюмдері қойылатын ерекше көрме өтеді.

22 қазанда 19.00 - Классикалық музыка жұлдыздарының гала концерті. Қатысатындар: Денис Мацуев, Светлана Захарова, Әлібек Дінішев, Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркарова, Сергей Крылов, Ольга Перетятько, Майра Керей, Медет Шотабаев, Әлфия Кәрімова, Абзал Мұхитдинов және басқалары.

Дәл осы күні «XXI ғасырдағы опера» атты Халықаралық конференция да өтеді. Шараға Franco Soda (Испания), Richard Martet (Франция), Thomas Migge (Алмания) және басқа белгілі музыкалық сыншылар қатысады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

23 қазанда 19.00 - Д. Вердидің «Attila» операсы. Дирижері - Antonio Pirolli (Мариин театры, Санкт-Петербург). Қойылым - Pier Luigi Pizzi (Teatro dell'Opera di Roma, Италия), бас партияларды орындайтындар - Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркарова (Мариин театры, Санкт-Петербург).

24 қазанда 19.00 - «Астана Опера» театры жұлдыздарының гала концерті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!