Қазақ жерінде тұңғыш рет«Атилла» операсы сахналанады

Фотография - Қазақ жерінде тұңғыш рет«Атилла» операсы сахналанады

Бүгін қазақ мәдениеті үшін айтулы күн. Елордада «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері өтті

187 0

Бүгін қазақ мәдениеті үшін айтулы күн. Елордада «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері өтті.

Талғамы жоғары көрерменнің назарына, Джузеппе Вердидің «Атилла» қойылымы ұсынылды. Мәдени орданың әлемдік тұсаукесеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Атап өту керек, «Атилла» операсы қазақ жерінде тұңғыш рет сахналанып отыр. 1846 жылдан бері түрлі өңдеуден өткен туынды, бүгін «Астана Опера» театырында өзге сарында сахналанды. Басты кейіпкер Еділ патша зұлымдық иесі ретінде емес, жағымды қырынан танылды. Вердидің операсы Vғасырдағы тарихи оқиғалар желісіне құрылған. Еуропа халқын уысында ұстап, Рим империясын жаулап алуды көздеген Аттила патшаның шайқастары, «Астана Опера» театрының сахнасында түрлі декорациялық өрнектермен жеткізілді. Театрдың жоғары деңгейлі дыбыстық мүмкіндіктері, қойылымды әсерлей түсті. Өнерде аты әлемге әйгілі маэстро Валерий Гергиев қазірдің өзінде қазақстандық туындыға оң бағасын беріп, өз ұсынысын жасауда.


Төлеген Мұхамеджанов, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры:

- Біз үшін бұл – үлкен мақтаныш. Бұл репетицияны өткізгеннен кейін «Аттила» спектаклінің Санкт-Петерборда шақырамын деді. Біздің жас театрға үлкен баға. Ол енді біздің қорға, оркестрге берген үлкен бағасы деп есептеймін - деп хабарлады  baq.kz


Пьер Луиджи Пицци, қоюшы-режиссер (Италия):

- Мен үшін «Астана Опера» театрымен жұмыс істеу үлкен бақыт. Қойылымды жүзеге асыруда екі жағымды сәт болды. Біріншісі, шын мәнінде ғажайып жұмыс атқарған техникалық мамандар, екіншісі, өте ерекше хор. Міне, бақыт деп осыны айтыңыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!