Б.Есентаева Күләш Байсейітова туралы телехикая түсіреді

Фотография - Б.Есентаева Күләш Байсейітова туралы телехикая түсіреді

Қазақстан продюсері Баян Есентаеваға тиесілі «Shine Production» компаниясы қазақтың опера әншісі Күләш Байсейітованың өміріне арналған сериалдың өндірісіне дайындалуда.

393 0

Қазақстан продюсері Баян Есентаеваға тиесілі «Shine Production» компаниясы қазақтың опера әншісі Күләш Байсейітованың өміріне арналған сериалдың өндірісіне дайындалуда.

Қазір түсіру тобы Орал қаласына келіп, локация (түсірілім объектілері мен орындарын) іріктеу жұмыстарымен айналысуда. Бұл жайына «Уральская неделя» басылымы хабарлайды.

Аты аңызға айналған тарихи тұлға туралы телефильм 12 бөлімнен құралмақ. Сериалдың премьерасы осы жылдың соңына жоспарланған.

Негізгі түсірілімдер Орал мен Мәскеу қалаларында өтеді.

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!