Майкл Джексон бір жыл ішінде 160 миллион доллар «табыс» тапты

Фотография - Майкл Джексон бір жыл ішінде 160 миллион доллар «табыс» тапты

 Майкл Джексон өмірден қайтқанына қарамастан "табыс" табуын жалғастыруда. Forbes журналының жыл сайын жарияланып отыратын тізіміне сәйкес «поп-музыка королі» 2012 жылдың қазаны мен 2013 жылдың қазаны аралығында 160 млн. доллар «табыс» тапқан

202 0

Майкл Джексон өмірден қайтқанына қарамастан "табыс" табуын жалғастыруда. Forbes журналының жыл сайын жарияланып отыратын тізіміне сәйкес «поп-музыка королі» 2012 жылдың қазаны мен 2013 жылдың қазаны аралығында 160 млн. доллар «табыс» тапқан. Басылымның жазуынша, дәл осы уақыт аралығында сау-саламатты тірлік кешіп жатқан Мадоннаның есебіне бар болғаны 125 млн. доллар кіріс кіріпті. Бұл жайында Newtimes.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, 2009 жылы дүниеден өткен атақты әнші бұған дейін де екі рет өлілердің арасында аса табыстылар рейтингісінде көш бастаған екен. Тек қана бір жолы, яғни, 2012 жылы ғана ол, актриса Элизабет Тейлорге біріншілікті берген.

Айта кетейік, батыс елдерінде тірісінде қоғам назарында болған жандардың табысын есепке алып отыру үрдісі кеңінен қанат жайған және де бұл іскери қоғамның о дүние мен бұ дүниенің арасына шек қоймайтынына дәлел ретінде насихатталады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!