Енді ерлі-зайыптылар ән салады

Фотография - Енді ерлі-зайыптылар ән салады

 Жуырда «31 арна» «Ән шаңырақ» атты жаңа жобаның тұсауын кеседі. Ән додасына еліміздің 18 қаласынан жүздеген отбасы қатысып, сыннан сүрінбей өткендері халық алдында өнер көрсетуге мүмкіндік алды

222 0

 Жуырда «31 арна» «Ән шаңырақ» атты жаңа жобаның тұсауын кеседі. Ән додасына еліміздің 18 қаласынан жүздеген отбасы қатысып, сыннан сүрінбей өткендері халық алдында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Ән додасының ережесіне сай, үш іріктеу турының нәтижесінде ақтық сайысқа бір отбасы ғана шығып, бас жүлдеге ие болады. Дегенмен, жеңімпаз атану үшін әдемі ән салып, билеу аздық етеді. Себебі, қатысушылар көрермен мен қазылардың көңілін көтеріп, отбасы мүшелері өздеріне берілетін дауыс үшін еңбек сіңіруі керек екен.

Сынға түсіп жатқан отбасылардың өнерін Жанна Орынбасарова, Рүстем Нұржігіт секілді эстрада жұлдыздарымен қатар залда отырған көрермендер де бағалайды. Жанкүйерлер қай қатысушыны қолдаса, демек сол өнерпаздардың ұпайы жоғары болады деген сөз.

«Жобаның басты мақсаты – көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Отбасы – мемлекеттің тірегі. Сондықтан «Ән шаңырақ» тележобасы қоғамның негізі саналатын отбасын қолдауға, нығайтуға бағытталған, - дейді жоба жетекшілері.

Мұндай шоу Канада, Швейцария, Ресей («Ваш выход») сынды елдерде жақсы танылған. Думанды жобаның жүргізушілері – танымал тележүргізуші Салтанат Қалиева мен ComedyClubKZ мүшесі Денис Бобылев.

Айта кетейік, «Ән шаңырақ» думанын қараша айынан бастап, әр жұма сайын тамашалай аласыздар!

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!