Ақерке Тәжібаеваның жеке концерттік кеші өтті

Фотография - Ақерке Тәжібаеваның жеке концерттік кеші өтті

Алматыдағы республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Тұңғыш Президенті грантының иегері Ақерке Тәжібаеваның «Төгіліп сарын қобыздан» атты жеке концерттік кеші өтті

258 0

Алматыдағы республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Тұңғыш Президенті грантының иегері Ақерке Тәжібаеваның «Төгіліп сарын қобыздан» атты жеке концерттік кеші өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры концерттік залында болған бұл шарада «Бабалар сазы» фольклорлық ансамблі, «VID -Men» вокалды топ, «Жалын» бишілер тобы және гитарист Руслан Мерғалиев өнер көрсетті.

Ақерке Жұмаділлақызы бұған дейін әр жылдары «Тәттімбет Қазанғапұлы» атындағы II Республикалық халық аспаптар орындаушылар конкурсының, Республикалық «Асыл мұра» дәстүрлі күй орындаушылар байқауының, «Құрманғазы» атындағы VII республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының. халықаралық «Dede Korkut» фестивалі, ТМД мемлекеттерінің арасындағы II жастар арасындағы «Дельфиялық ойындары» және «Altin Safran», «Uluslararasi Sivas asiklar» фестивалінің, «14. Uluslararasi, Altin saz odulu Karacaoglan asiklar» фестивальдерінің лауреаты атанған болатын. Қазақтың қасиетті қобызын ол АҚШ, Біріккен Араб әмірлігі, Венгрия, Германия, Жапония, Иордания, Италия, Испания, Қытай, Корея, Литва, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркия сияқты мемлекеттерінде насихаттап, қазақ өнерінің дамуына өз үлесін қосып жүр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!