Тарбағатайда Майра Ілиясова атындағы саябақ ашылды

Фотография - Тарбағатайда Майра Ілиясова атындағы саябақ ашылды

Тарбағатай ауданында осы өлкенің тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова атындағы саябақ ашылды. Бұл игілікті іс «Менің жеке ағашым» акциясының аясында жүзеге асып отыр

395 0

Тарбағатай ауданында осы өлкенің тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова атындағы саябақ ашылды. Бұл игілікті іс «Менің жеке ағашым» акциясының аясында жүзеге асып отыр.

Ақсуат ауылының тұрғындары Екпін ауылына баратын күре жолдың бойына 2500 түп жас шыбық отырғызды. Енді Қарғыба ауылына баратын күре жолдың бойына көшеттер егіледі. Ал оларды күтіп-бағу шаруасы мектеп оқушыларының міндетіне алынған. Акция бастау алғалы жалпы саны екі мыңға жуық тұрғын қатысуда. Осы шара аясында Аққала ауылындағы мектептің алдында осы елді мекеннің тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова атындағы саябақ ашылды. Көгалдандыру жұмыстары келесі жылы көктем шыға қайта қолға алынып, жол бойларына гүлзар орналастыру жоспарлануда деп хабарлайды Altaynews.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!